TS Теннис Лигасы TS CUP 2024 маусымының ашылғанын хабарлайды
Алматыда кәсіпкер әрі тенниске шынайы жанашыр Серік Төлбасы негізін қалаған Tennis League TS-тің 2-маусымы басталады. 24 сәуір мен 11 қыркүйек аралығында ФТК «ЦСКА» теннис корттарында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген үздік әуесқой спортшылар арасында нағыз теннис шайқастары өтеді. TS CUP 2024 маусымы бұқаралық спорт пен әуесқой теннисті дамытуға зор үлес қосып жүрген «Серік Төлбасы» қорының қолдауымен өтуде. Қордың қайырымдылық миссиясы – спортты баршаға қолжетімді ету және жаңа буын теннисшілерін шабыттандыру.