Бірлік арқылы жарқын
болашаққа жол ашамыз

Серік Төлбасы
Қоры 2007 жылдың
18 қаңтарында құрылды.

Қор туралы

Қордың мақсаты – білім, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау.

Толығырақ
image
image
image
image

Қор сандармен

Ізгі істермен өлшенетін үлес

«Серік Төлбасы Қоры» көптеген жылдар бойы маңызды қолдау көрсетіп, оң өзгерістер үшін күш-жігерді біріктіреді. Әрбір сан – көмекке мұқтаж жандардың өміріндегі шынайы өзгерістер.

  • 17 жыл

    Қайырымдылық қызметінде

  • 845 млн тг

    2023 жылғы ресурстар мен қаржыландыру

  • >1 млн

    Көмек пен қолдау алған жобалар қатысушыларының саны

  • 100+

    Іске асырылған жобалар

  • >25 000

    Білім беру қолдауын алған оқушылар

  • 25 млн тг

    COVID-19-бен күрес және медициналық қолдау үшін бөлінді

Қордың негізін
қалаушы

Толбасы Серик

Бірлікте – қуат.
Жақсылық шексіз мүмкіндіктерге жол ашады.

Төлбасы Серік

Қазақстандық кәсіпкер, меценат, «Серік Төлбасы қоры» қайырымдылық қорының негізін қалаушы.

Серік Қарабекұлы Төлбасы – қазақстандық кәсіпкер және меценат, TS Development компаниялар тобы мен «Серік Төлбасы қоры» қайырымдылық қорының негізін қалаушы.
1992 жылдан бері ол ірі құрылыс жобаларын жүзеге асыра отырып, табысты коммерциялық қызметпен айналысып келеді. 2007 жылы денсаулық сақтау, білім, спорт және мәдениет салаларындағы әлеуметтік бастамаларды қолдайтын қор құрды. Маңызды жобаларының қатарында StartTime краудфандинг платформасы, білім беру және музыкалық бағдарламаларды қолдау бар. 2022 жылы Қазақстанда әуесқой теннисті дамыту мақсатында «Tennis League TS» қорын құрды.

Негізгі жобалар

Icon Білім беру

iQanat

"IQanat" — Қазақстанның барлық өңірлеріндегі ауыл мектептерінің оқушылары мен мұғалімдерін қолдауға бағытталған республикалық әлеуметтік–қайырымдылық білім беру жобасы.

"IQanat" — Қазақстанның барлық өңірлеріндегі ауыл мектептерінің оқушылары мен мұғалімдерін қолдауға бағытталған республикалық әлеуметтік–қайырымдылық білім беру жобасы.

Толығырақ
iQanat

Icon Денсаулық сақтау

Инклюзивті теннис

2022 жылдан бастап «Серік Төлбасы Қоры» Жеке қоры Қазақстан Республикасының арбадағы теннис бойынша паралимпиадалық құрамасының ресми демеушісі болып табылады.

2022 жылдан бастап «Серік Төлбасы Қоры» Жеке қоры Қазақстан Республикасының арбадағы теннис бойынша паралимпиадалық құрамасының ресми демеушісі болып табылады.

Толығырақ
Инклюзивті теннис

Icon Спорт

110 заманауи спорт алаңы

Шымкент қаласында «110 заманауи спорт алаңы»

Шымкент қаласында «110 заманауи спорт алаңы»

Толығырақ
110 заманауи спорт алаңы

Icon Мәдениет

Celestial жанрындағы неоклассикалық альбомның тұсаукесері

Celestial неоклассикалық альбомының тұсаукесері 2018 жылы «Серік Төлбасы Қорының» қолдауымен өтті.

Celestial неоклассикалық альбомының тұсаукесері 2018 жылы «Серік Төлбасы Қорының» қолдауымен өтті.

Толығырақ
Celestial жанрындағы неоклассикалық альбомның тұсаукесері
Барлық жобалар

Біз сізді әлемді жақсартуға бағытталған бастамаларымызға қосылуға шақырамыз – әр жобамыз бір қадам алға.

Бірлесіп, біз үлкен жетістіктерге жетіп, көмекке мұқтаж жандарға шынайы қолдау көрсете аламыз.

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Пікірлер

Оспанова Айнур, 13 жас

Ордабасы ауд., № 55 мектеп

Құрметті Төлбасы Серік Қарабекұлы, сіздің игі істеріңіз тек қана біздің емес Қазақстанның болашағына алып келер пйдасы зор. Сондықтан сіз қазіргі күннің батарысыз. Сізге алғысым шексіз! Алғыс айту күнумен!

Жақсыбаев Мағжан, 14 жас

Қазығұрт ауд.

Құрметті Төлбасы Серік Қарабекұлы менің сізге айтар алғысым шексіз. Елімізде сіз секілді нағыз ер-азаматтардың болуы мені қуантады. Кез-келген адам сіз секілді халық үшін қызмет етсе, Қазақстанның болашағы жарқын болатыныныа сенімдімін. Және менде сіз секілді халқының, соның ішінде ауыл балаларының білім алуына бар жағдайды жасаіға бар күшімді саламын. Расында нағыз талант иелері ауылдан шағады. Осындай iQanat жобасының арқасында білімді, білікті жастар ел үшін қызмет етеді. Сіз үлгі болдыңыз және бізде сіз секілді боліға тырысамыз. Жасаған жақсылығыңыз бір Алладан қайтсын.

Тохтасын Альбина, 10-шы с. оқушысы

Түркістан обл., Отырар ауд., Серғали мектебі

iQanat олимпиадасының 2023 жылғы финалистімін. Осы бейнежазба арқылы iQanat олипиадасында Түркістан обысының қамқоршысы Серік Қарабекұлына өз алғысымды білдіргім келеді. Бізге осындай керемет мүмкіндіктерді ұсынғаныңыз үшін және демеушілік көрсеткеніңіз үшін алғысымыз шексіз.Бізге қолдау көрсеткеніңіз үшін рахмет!

Насридин Назерке, 13 жас

Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, №1 Мырзакент МГ

Төлбасы Серік Қарабекұлы осындай мндіктер сыйлағаныңыз үшін алғысым шексіз! Болашақта да мені айқанаттық достарымсыз қалдырмаңызшы! Сәтін салса, мықты маман, өз маманымның ұстасы болып iQanat-қа оралам! Өмірімді айқанатқа арнаймын. Тек ол кезде оқушы болып емес, еліміздің бетке ұстар ұстазы болып ораламын!

№ 74 жалпы білім беретін мек. 9 с. оқушылары

Түркістан обл., Сарыағаш ауд.

Біз iQanat Олимпиадасының 2024 жылғы финалисттеріміз. Осы жолдан бізге қолдау көрсеткен Төлбасы Серік Қарабекұлына алғысымыз шексіз. Сіздің бізге жасаған демеушіліктеріңіздің арқасында біз өзімізді дамыта түстік. Сізге мол табыс және жақсару тілейміз Сіздің демеушілігіңіз біздің болашығымызға жасаған ең үлкен инвестиция.

Евгений Жимков

Кәсіби параспортшы, арба теннисі, Алматы

Барлық параспортшылардың және өз атымнан Serik Tolbassy Foundation қоры мен Серік Қарабекұлы Төлбасы мырзаға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздің параспортқа деген қолдауыңыз баға жетпес. Сіздердің көмектеріңізбен біз жаттығуға, жарыстарға қатысуға және шеберлігімізді шыңдауға мүмкіндік алдық. Бұл – тек спортқа қолдау ғана емес, бізге, біздің күшіміз бен ұмтылысымызға деген сенімнің көрінісі. Спорттың баршаға қолжетімді болуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын!

Седалы Арай

Түркістан обл.

Құрметті, Төлбасы Серік Қарабекұлы, iQanat жасаған қолдауыңыз пен қамқорлығыңыз үшін сізге шын жүректен алғыс білдіреміз. Сіздің еңбегіңіздің арқасында талай жастың болшағына жол ашылып мүмкіндіктер сыйлауда.

Аманжол Бегімов

Параспортшы, арба теннисі, Ақтөбе

Serik Tolbassy Foundation қорының қолдауына алғыс Serik Tolbassy Foundation қоры мен Серік Қарабекұлы Төлбасы мырзаға параспортты және арба теннисін дамытудағы қолдауы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздің көмегіңіз жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, бізге алға жылжуға, дамуға және биік белестерді бағындыруға күш береді. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында теннис көпшілікке қолжетімді болуда, ал спортшылар өздерін көрсетіп, жетістікке жетуге мүмкіндік алуда. Бұл тек спортты дамыту ғана емес, сонымен қатар бізге шабыт сыйлау. Бізге деген сеніміңіз үшін мың алғыс!

Сасенбай Сабина, 10 с. оқушысы

Шардара ауд., Жаушықұм мектеп-лицейі

Сіздің арқаңызда iQanat деген үлкен ортамен танысып, үлкен мүмкіндіктерге қол жеткіздім. Ауылдан арманға қанат қақтырғаныңыз үшін үлкен алғыс білдірем.

TOMATIS орталығының ата-аналары мен балалары

Спутник ТК Мамыр 1 шағынауданы, 29/71 1 кеңсе

TOMATIS балалар түзету орталығының ата-аналары мен балалары атынан Serik Tolbassy Foundation қоры мен Серік Қарабекұлы Төлбасы мырзаға терең ризашылығымызды білдіреміз. Сіздің қолдауыңыз – балаларымыздың білім алып, дамып, өз әлеуетін жүзеге асыруына жол ашатын баға жетпес мүмкіндік. Сіздердің көмектеріңіздің арқасында олар жаңа мүмкіндіктерге ие болып, ал біз болашаққа сеніммен қараймыз. Балаларымыздың жарқын болашағы үшін жасаған жақсылықтарыңыз бен жанашырлығыңызға алғысымыз шексіз! Құрметпен, TOMATIS орталығының ата-аналары мен балалары

Султаниязова Саида

Түркістан обл., Сайрам ауд., номер 12 Т.Рүстемов ат. мектеп-гимназія

iQanat олимпиадасының 2023 жылғы финалистімін. Жалпы осы iQanat Олимпиадасы қатысуымызга үлкен мүмкіндік беріп қолдау көрсеткен Түркістан облыысы қамқоршасы Серік Қарабекұлына алғысымды білдірем.

Айымгүл Ержанқызы, 14 жас

Түркістан обл., Жетісай ауд., №5 Жетісай мектебі

Құрметті Төлбасы Серік Қарабекұлы, сіздің қолдауыңыздың арқасында мен өз армандарыма бір қадам жақындай түстім. Шын жүректен алғысымды білдіремін! iQanat – мен үшін үлкен мүмкіндік, шабыт пен жаңа белестерге жол. Болашақта мықты маман болып, өз елімнің игілігіне қызмет еткім келеді. Бір күні мен де iQanat-қа оралып, өзімдей оқушыларға жол көрсететін ұстаз боламын!

Омарбек Жансеит

Туркістан обл., Ордабас ауд.

Серік Қарабекұлы Түркістан облысының iQanat жобасындағы қамқоршы және демеушісі болып табылады. Осы уақытқа дейін iQanat жобасына қатысқан барлық оқушыларды керек жарақтармен қамтамасыз еткеніңіз үшін барша Түркістан облысының оқушыларының атынан сізге алғысымыз шексіз.

Жасұлан Нұрболұлы, 13 жас

Қызылорда обл., Шиелі ауд., №3 мектеп-лицейі

Құрметті Төлбасы Серік Қарабекұлы, сіздің қолдауыңыз мен үшін баға жетпес мүмкіндік! iQanat арқылы армандарымның айқын жолын көріп тұрмын. Болашақта мықты маман болып, елімнің дамуына үлес қосуды мақсат еттім. Бір күні өзім де iQanat-қа оралып, болашақ ұрпаққа бағыт-бағдар беретін тұлға болғым келеді. Сізге шексіз алғысыммен!

Темірбек Жібек, 10 с. оқушысы

Түркістан обл., Келес ауд., Қ. Сәтбаев ат. ж.о.м

iQanat 2023 финалистімін. iQanat олимпиадасының қатысушыларының бірі ретінде айтқым келетіні, мен секілді ауыл балаларын жарқын болашаққа, шексіз мүмкіндікке жетелейтін iQanat қоры қазіргі таңда өз демеушілерінің арқасында еліміздегі ең ауқымды олимпиадалардың бірі болып отыр.